Бесік | Колыбель



Бесик (колыбель) – для ребенка безусловно является ценной реликвией. У казахов не было ребенка, который не лежал в колыбели. А традиция укладывания в колыбель ребенка безусловно считается важным мероприятием для родителей малыша, и для казахского народа в целом. Колыбель для новорожденного является полезным, так как способствует правильному росту тела, спины. Он намного полезнее нынешних, современных колясок. Поэтому не зря наш народ, укладывал детей в колыбель с раннего возраста. Для того чтобы ребенок не вырос трусливым, на колыбель вешали когти орла, волка или филина.

Укладывание новорожденного в колыбель – торжественное мероприятие. Для этого мероприятия организуют специальный праздник - «Бесик той». Этот праздник проводится, когда проходит 40 дней со дня рождения ребенка. На этот той приходят дедушка, бабушка, тети, дяди, родственники со стороны матери, соседи и др. близкие люди малыша. На этот праздник люди приходят с подарками, и конфетами для разбрасывания гостинцев (Шашу).  Близкие со стороны мамы ребенка, дарят колыбель его родителям. Затем аксакалы делают бата (благословление). Далее все садятся за праздничный дастархан. Начинается застолье. На столе не должны стоять спиртные напитки, так как этот праздник новорожденного. Только ставят кефир, кумыс, шубат, чай. На застолье люди поют песни, рассказывают истории. Бабушки дают совет матери новорожденного, как нужно обращаться, воспитывать детей. Затем раздают тойбастар. В наше время в виде Тойбастар можно раздавать открытки, авторские куклы, фотомозайки, тойбастары ручной работы и т.д. После застолья начинается  обряд укладывания в колыбель малыша. Перед тем как ребенка укладывают в колыбель,  дымом адыраспана (гармала) совершают аластау (знахарский процесс очищения колыбели от нечисти, злых духов и т.п). После уже укладывают ребенка в колыбель.Это право предоставляется знатной бабушке, которая является многодетной матерью, имеет внуков. После делают обычай тыштырма (в дырочку колыбели одна из присутствующих женщин кидает конфеты и др. сладости, затем она спрашивает «тышты ма?», присутствующие отвечают «тышты, тышты», и сразу же подставив ладонь под колыбелью, люди подхватывают сладости).  Оставшуюся сладость разбрасывают людям в виде гостинцев, а остальные как всегда подхватывают.  Далее бабушки привязывают разные вещи к колыбели. Чтобы ребенок был зоркий как орел, на колыбель привязывают когти орла. Если это девочка, привязывают зеркало или расчёску, чтобы она была красивой. Дальше ребенку поют колыбельную песню. Раньше наши предки пели колыбельную, чтобы ребенок быстро уснул или его успокоить, когда он чем, то встревожен. В основном пели колыбельную  либо мама, либо бабушка малыша. Рифма колыбельной песни придумывалась на ходу. После аксакалы делают еще раз бата и праздник заканчивался. После окончания мероприятия,  присутствующим женщинам дарили кольца, серьги и др. золотые украшения. Раньше казахи пытались закончить это торжество как можно быстрее, так как верили,  что долго смотрев на ребенка, можно его сглазить.


Бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отырады. Шүмекті қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен жиі босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Бесікпен қоса құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, бесік көрпе даярланады. Бесіктің жер бесік, аспалы бесік (әлпеншек) деген екі түрі кездеседі. Қазақта бесік қасиетті, киелі құтты мүлік болып есептеледі.

Бесіктің жасау-жабдықтары

Жас нәрестені бесікке бөлеу үшін төмендегідей жасау-жабдықтар қажет.

Ши. Бесік шабақтарының үстіне төселетін шиден тоқылған төсеніш. Түбек бекітілген тұсында ойығы болады.

Жөргек. Жұқа, талдырып басылған киіз төсеніш. Осыны кейде қаузау деп те атайды (қаузау киіз).

Құс төсек. Жөргектің үстіне төселетін арасына құс жүні салынып қабылған жұмсақ төсеніш. Оның да түбек түсетін тұсында ойығы болады.

Жастық. Бесіктің енімен сәйкес келетін, арасына құс жүні толтырылған кішкене жастық.

Көрпе. Жай матадан әзірленген көрпені жаздыгүні, ал арасына мақта салып қабылған көрпені қыстыгүні қолданады.

Кепіл. Нәрестенің жамбас тұсына, тізесіне кепіл ретінде арнайы тігілген бірнеше кішкене жастықшалар қойылады. Ол жастықшалар түбек орналасқан ойықтың төңірегіне төселеді.

Тартпа бау. Тартпа бауларды кейде таңғыш деп те атай береді, олар құр тәрізді биязы жіптен тоқылады. Немесе екі-үш қабат матаны сырып, бауларды ызып әзірлейді. Тартпаның біреуі бөленген, құндақталған нәрестенің көкірек тұсынан, екіншісі тізенің үстінен түседі. Тартпа баудың ұштары бесіктің екі жағындағы сабау ағаштарға таңылады.

Түбек. Түбек қыштан, көннен, күйдірілген саз балшықтан немесе мыс, жез қаңылтырдан әзірленеді. Қыстыгүні сыртына киіз, қайыс немесе былғарыдан тігілген қап кигізіп қояды. Түбектің түбіне сәл күл сеуіп қолданады.

Шүмек. Шүмекті ағаштан да сүйектен де әзірлеуге болады. Ұл баланың шүмегін асықты жіліктің асық тұрған басынан ойық ойып әзірлейді. Екінші қарама-қарсы басын шорт кесіп тастап, қырларын егеп жұмырлап қояды. Қыз баланың шүмегін ескі, көп ұсталып майсіңді болған уықтың қарынан (иінінен) жасайды, ойығын ұлдікіне қарағанда сәл сопақтау етіп ойған жөн. Шүмек баланың денесіне баптау үшін қырларын тегістеп жылтыратып, зәрді сорып алмауы үшін майға қайнатып алған соң пайдалана беруге болады.

Жабу. Бесіктің көлеміне сай, жұқа матадан тігілген, кестеленген арнаулы жабуы болады. Ол бесікке бөленген жас нәрестені маса-шыбыннан, желден, шаң-тозаңнан, күн көзінен, суықтан қорғайды.

Логотип.gif

ГУ "Школа-лицей №8 для одарённых детей"

www.lizey8.kz

 

Сохраняя прошлое, создаем будущее.