Шәкен Кенжетайұлы Айманов


Шаке́н Кенжетаевич Айма́нов (настоящее имя — Шахкерим (Шаһкерім[1]каз. Шәкен Кенжетайұлы Айманов; 1914—1970) — советский и казахский актёр и режиссёр театра и кино. Народный артист СССР (1959).

Родился 2 (15) февраля 1914 год в Баян-Ауле (по другим источникам — в Баянаульском районе[2]) (ныне — в Павлодарской области Казахстана) в семье крестьянина-скотовода. Происходит из рода Айдабол, в составе рода Суюндык племени АргынСреднего жуза.

В 1928 году окончил среднюю школу[3]. В 1931—1933 годах учился в Казахском педагогическом техникуме в Семипалатинске.

В 1933 году по приглашению писателя Г. М. Мусрепова приехал в Алма-Ату и был принят в труппу Казахского театра драмы (ныне Казахский государственный академический театр драмы имени М. О. Ауэзова), в 1947—1951 годах — главный режиссёр и художественный руководитель этого театра, где работал до 1953 года.

За время работы в театре проявил актёрское мастерство, которому была присуща яркость психологической характеристики[4].

С 1938 года снимался в кино, с 1954 года — кинорежиссёр киностудии «Казахфильм».

Он начал свою карьеру в Казахском театре драмы и посвятил ему 20 лет своей жизни.Прошел путь от молодого актера до главного режиссера и художественного руководителя.[5]

В 1953 году он переключился с театра в кино. «Я люблю театр, но театр не может охватить столько зрителей, сколько кино. Спектакль идет в одном театре, в лучшем случае в нескольких. А фильм смотрят десятки тысяч».[5]

Образ Отелло - звездная роль Айманова.На праздновании 400-летия Шекспира в Англии он прочел со сцены монолог Отелло, и это было настоящее событие.Тогда впервые великий Шекспир звучал на подмостках Англии на казахском языке.[5]

В фильме «Безбородый обманщик» он выступил как соавтор сценария, режиссер-постановщик и исполнитель главной роли.[5]Картина «Наш милый доктор» принесла ему всесоюзную славу.[5]Айманов впервые использовал в своем фильме элемент «камео».[5] Сценарий картины «Ангел в тюбетейке» взят из жизни. Его родственница Айнакуль апа хотела женить своего младшего сына и искала невесту.[5] В 1963 году на Московском международном кинофестивале согласно внегласной директиве должен был победить советский фильм. Жюри разделилось. Решающий голос был отдан в пользу итальянца Фредерико Феллини. Принадлежал этот голос кинорежиссеру Айманову.[5]На Первом всемирном кинофестивале в Москве было соревнование по танцам. Тогда впервые танцевали «Буги-вуги».Айманов танцевал с американской кинозвездой Элизабет Тэйлор и получил первое место.[5]

С 1963 года — первый секретарь правления Союза композиторов Казахской ССР.

Избирался депутатом ВС Казахской ССР 4 и 7 созывов.

Член ВКП(б) с 1940 года.

На 56-м году жизни Шакен Айманов погиб в ДТП: был сбит машиной на улице Горького в Москве 23 декабря 1970 года[6]. Похоронен в Алма-Ате на Центральном кладбище.



Шәкен Кенжетайұлы Айманов ( 15 ақпан 1914 жыл — 23 желтоқсан 1970 жыл) — қазақтың әйгілі актері, режиссер. 1964 жылдан КСРО халық әртісі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.

Өмірбаяны

Шәкен (Шаһкерім) Айманов — актер, режиссер. Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.

Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.

1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.

Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты. 1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді.

Театр

Театр өнерімен әуестеніп, 1933 ж. Қазақ драма театрының құрамына алынды. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, актерлік шығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды (1951).

Ол М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров, «Исатай — Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Уәлиханұлы және Тихон (Островский, «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Шадрин (Погодин, «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренёв, «Америка дауысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор»), Кривенко (Чирсков, «Жеңімпаздар»), Гельпак (Ф. Вольф, «Профессор Мамлок») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.

Ш.Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер.

Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.

Кино

1953 ж. бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті.КСРО және ҚазССР-інің халық артисі. Қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі. Айманов режиссер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» және басқа фильмдерді түсіріп, Н. Ф. Погодиннің «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», М. Әуезовтың «Абай» спектакльдерін театр сахнасына шығарды. Актер ретінде «Абай әні», «Жамбыл» т. б. фильмдерде ойнаған. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, жас ақын Айдардың бақталасы Шәріп бейнесін сомдады. Ол КСРО және ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар.

Логотип.gif

ГУ "Школа-лицей №8 для одарённых детей"

www.lizey8.kz

 

Сохраняя прошлое, создаем будущее.